«ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында Германияға 20 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«ҚР Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында Германияға жіберу үшін «Дружба» мұнай құбыры арқылы Адамова Застава мұнай жеткізу пунктіне 20 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр», делінген.
Ұлттық компания 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдауға жыл сайынғы өтінім жібергенін еске салды.
2023 жылы Германияға жеткізу үшін Адамова Застава мұнай жеткізу пункті бағытында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданады.