Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сегментіндегі өнімдер мен шикізаттың жекелеген түрлеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 95% және одан да көп қамтамасыз етті. Атап айтқанда, олар қой мен ешкі еті, бидай наны мен ұн, ірі қара еті, тауық жұмыртқасы, жылқы еті, айран және күріш сияқты тауар топтары, деп хабарлайды energyprom.kz.

Сүт пен кілегей (93,8%), йодталған тұз (91,6%), шошқа еті (89,6%), қарақұмық (87,7%), макарон өнімдері (83%), күнбағыс майы (82,8%) сияқты өнімдер бойынша 95%-дан төмен қамтамасыз етілді.

Сары май (74,3%), құс еті (70,3%), қант (57,8%), ірімшік және сүзбе (52,9%) сияқты өнімдер бойынша қамтамасыз етілу 75%-дан төмен.

Бұл ретте ӘМАТ өнімдері мен шикізаттың жекелеген түрлері ішінде йодталған тұздың 80,8%-ы, ұнның 55,5%-ы, күнбағыс майының 40,1%-ы, макарон өнімдерінің 32,3%-ы, күріштің 22,9%-ы, қарақұмықтың 16,6%-ы, сары майдың 10%-ы экспортқа кетеді.

Қолда бар (өндірілген және импортталған) қант пен нан, сондай-ақ шошқа және жылқы еті ҚР ішкі нарығында толық сатылады, мүлдем экспортталмайды.

Басқа санаттарда экспорттың аздаған үлесі бар, ал қолда бар ресурстардың негізгі бөлігі ҚР ішкі нарығында сатылады.

Биылғы жылдың 4 қазанындағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір апта ішінде (27 қыркүйекке) 0,1%, жыл басынан бері 19,6%, бір жылда 19,7% қымбаттады.

Апта ішінде жұмыртқа (1,2%), сондай-ақ күріш, күнбағыс майы және пастерленген сүт (0,4%) қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша қант бірден 79,3%, рожки 30,2%, қарақұмық 27,8%, күріш 23,7%, тауық еті 23,6%, бидай ұны 22,7%, сары май 19,8%, пастерленген сүт 19,4%, тұз 18,9%, айран 16,6%, күнбағыс майы 16,1% қымбаттады.

Ірі қалалар тұрғысында ӘМАТ бағасының апта сайынғы ең күшті өсуімі Жезқазған (0,9%), Қостанай (0,4%), сондай-ақ Алматы, Атырау және Тараз (0,2%) қалаларында байқалды. Жылдық динамика бойынша азық-түлік бағасы Жезқазғанда бірден 24,7%, Оралда 21,9%, Алматыда 21,7% қымбаттады.