Форум алаңында екі елдің іскер топтарының көптеген кездесулері өтті. В2В келіссөздердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы $611,3 млн. құрайтын 54 құжатқа қол қойылды, оның ішінде инвестициялық - $372,7 млн, сауда – $238,6 млн (экспорт – 123,7, импорт – 114,9 (2021-2022жж.).
Инвестициялық уағдаластықтардың ішінде Түркістан арнайы экономикалық аймағының аумағында картон мен қағаз өндіру және электр техникалық өнім өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісім бар. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімдігі "Discovery Invest" ЖШҚ - мен өнеркәсіптік нысандарды, азаматтық тұрғын үй кешендерін, білім беру мекемелерін салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы Меморандум, ал Шымкент қаласының әкімдігі Asia Metal Prof ЖШҚ - мен металл өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба туралы меморандум жасасты.
Өзбекстанға қазақстандық трансформаторларды, бейнебақылау камераларын, локомотивтер мен рельс-арқалық өнімдерін, ақылды есік құлыптарын, фосфорит шикізатын, жиһаз бен АӨК өнімдерін жеткізудің экспорттық келісімшарттарының тізбесінде.
Импорттық келісімшарттардың ішінде Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарларын, құрылыс материалдарын, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге келісім бар.