2020 жылдың қыркүйектен бергі 12 айда азық-түлік тауарлары 11,5% қымбаттады, ал бір соңғы бір айда баға 0,1% өсті.
Соңғы бір айда Атырау облысы, Алматы мен Шымкентте тамақ бағасы 0,6% өсті, елордада өзгерген жоқ, ал кейбір өңірлерде керісінше арзандады.
Ал былтырғы қыркүйектен бері тамақ бағасы ең көп Маңғыстау облысында 13,1% қымбаттады, одан кейін Қарағанды облысы (12,9%) мен Атырау облысы (12,5%) айтарлықтай қымбатшылыққа ұшырады.
Түркістан облысында 12,2%, БҚО мен Шымкентте 11,6%, Ақмола мен Павлодар облыстарында 11,5%, Қызылорда облысында 11,4%, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында 11,2%, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан мен Қостанай облысында 11,1%, Алматы облысында 11% қымбаттады.
Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай қымбаттау болған жоқ, баға "бар болғаны" 10,5% ғана өсті. СҚО да 10,6% қымбаттады.
Тамақ түрлеріне келер болсақ, бір жылда жеміс-жидек 1,5%, көкөніс 25,8% қымбаттады.
Атап айтқанда лимон 16,6%, кептірілген өрік 7,8%, банан 5,6% қымбаттаса, алма мен апельсин керісінше 3,4% және 7,9% арзандады.
Қызылша 84,2%, сәбіз 40,9%, қырыққабат 33,4%, картоп 31,2%, пияз 17,2%, қияр 16,9%, қызанақ 10,6% қымбаттады.
Сүт өнімдері бағасы 8% өсті. Соның ішінде қатты ірімшік 8,3%, қаймақ 7%, айран 2,5%, май 5,9% қымбаттады.
Ет пен құс еті 10,5%, шұжық 7,6% қымбаттады.
Бұдан бөлек нан бағасы 6,3%, ұн 11,3% қымбаттады, макарон өнімдері бағасы 11,2% өсті.