Статистика бюросының мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы көкөністерден (картопты қоспағанда) басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың өсуі байқалды. Ет және ет өнімдері сияқты маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының тұтынуы 6%, нан өнімдері және жарма өнімдері - 3%, сүт және сүт өнімдері – 2,3% өсті.
Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы 2020 жылы айына орташа алғанда: картоп – 4,2 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,9 кг, сиыр еті – 1,9 кг, шикі сүт - 1,4 л, айран - 1,3 л, жұмыртқа – 16,6 дана, алма - 1,6 кг, құмшекер - 1,5 кг, күріш - 1,3 кг, макарон - 1 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 0,7 кг, қара шай - 0,1 кг құрады.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары саралану жұмыртқаны, сондай-ақ жемістерді, нан өнімдерін және жарма өнімдерін тұтыну бойынша байқалады.
Тұтыну көлемі ең аз және ең көп азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады:
Азық-түлік түрлері | Тұтынуы ең аз өңірлер | Тұтынуы ең көп өңірлер |
нан өнімдері және жарма өнімдері | Маңғыстау (105,8 кг) | Түркістан (185,7 кг) |
ет және ет өнімдері | Шымкент қ. (53,2 кг) | Қарағанды (101,4 кг) |
балық және теңіз өнімдері | Шымкент қ. (4,9 кг) | Солтүстік Қазақстан (23,3 кг) |
сүт және сүт өнімдері | Шымкент қ. (165,7 кг) | Ақмола (320,6 кг) |
жұмыртқа (дана) | Маңғыстау (129 дана) | Ақмола (255 дана) |
май және тоңмай | Нұр-Сұлтан қ. (12,7 кг) | Қарағанды (23,0 кг) |
жемістер | Шымкент қ (61,1 кг) | Маңғыстау (101,5 кг) |
көкөністер | Солтүстік Қазақстан (60,4 кг) | Түркістан (110,0 кг) |
картоп | Қызылорда (41,5 кг) | Қарағанды (62,2 кг) |
қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер | Шымкент қ. (33,7 кг) | Ақмола (52,4 кг) |
Шеткі децильдік топтар аралығында азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша айтарлықтай саралану сақталуда, мәселен ең аз қамтамасыз етілген халықтың 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың 10%-мен салыстырғанда, балық және теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет және ет өнімдерін, жемістерді 3,4 есеге, сүт және сүт өнімдерін – 3,1 есеге, жұмыртқаны – 3 есеге аз тұтынған.