Fingramota.kz азаматтарға қаржы пирамидасының белгілері туралы түсінік береді және мұқият болуға шақырады.

Қазақстандағы қаржы пирамидалары тұтыну кооперативтері, жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қаржы агенттері, инвестициялық компаниялар), түрлі коммерциялық интернет-жобалар нысанында құрылады. Алаяқтар адамдардың сенімі мен тез және оңай баюға деген ниетін шебер пайдаланып түрлі айла-шарғылар жасайды және халықты адастырады. Қаржы пирамидасына қатысушылар көбінесе қандай қаржылық алаяқтыққа тартылатынын түсіне алмайды.

Осы аптада қаржы пирамидасы – биткоиндерді сататын инвестициялық компания қызметінің төңірегінде жанжал туындады. БАҚ-та Қазақстанның әр аймағынан 5 мыңға жуық азамат криптовалюта пирамидасының құрбаны болғаны, шығын көлемі шамамен 37 млн долларды құрағаны туралы ақпарат тарады.

Қаржы пирамидасы қаржы ұйымы емес және оның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге реттеуші берген лицензиясы жоқ, тиісінше ол қаржылық реттеушінің бақылауында емес.

Қаржылық (немесе инвестициялық) пирамида — бұл құрылым қатысушыларына жаңа салымшылардан неғұрлым көп мөлшерде ақша қаражатын тұрақты тарту есебінен табыс табудың заңсыз тәсілі екенін көптеген адамдар біледі. Мұндай құрылымдардың нұсқалары сан алуан. Пирамидалар желісіне түспеу үшін қарапайым ережелерді білу жеткілікті. 

Қаржы пирамидасын танып-білу үшін оған тән белгілерді білу қажет:

  1. Қаржы реттеушісінің депозиттер қабылдауға лицензиясының болмауы;
  2. Ұйымның қызмет түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы;
  3. Салынатын қаражат кірістілігінің қарыз беру нарығы бойынша орташа деңгейден асатындай жоғары болуына уәде беру;
  4. Салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы;
  5. Міндетті кіріс жарнасы;
  6. Клиенттің төлемдер алу үшін басқа бірнеше клиентті тарту міндеттілігі;
  7. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қада да болсын ақпараттың болмауы;
  8. Жаңадан тартылған әрбір қатысушы үшін бонустар алу;
  9. Жаңа қатысушыларға кейін басқа қатысушылар енгізген ақшадан сыйақы төлеу;
  10. БАҚ-та, интернетте жаппай жарнамалау;
  11. Компанияның әртүрлі бағдарламаларына қатысушыларға қымбат сыйлықтар тапсыра отырып компанияның ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылымдарын ұйымдастыру;
  12. Кіріс көздері, қаражат айналымын бизнес-процестер және басқалары құрылымының айқын болмауы.

Егер сіз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің барлығы немесе бірнешеуі болса, қаржылық алаяқтықтың құрбаны болып қалмауыңызды ойлануыңыз керек?

Ақшаңызды қандай да бір жобаға салудың алдында ойланыңыз!

Fingramota.kz мынадай бес қадамдық іс-қимылды орындауды ұсынады:

  1. Компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың шынайы болуын зерделеңіз. Депозиттер тарту құқығы бар барлық қаржы ұйымдарында қаржы реттеушісі − ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  лицензиясы болуға тиіс.

Егер Сізде қаржы пирамидасымен байланыста екендігіңізге күмән туған жағдайда:

- Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz, шағымдар мен өтініштерді info@finreg.kz электрондық почтасы бойынша;

-  +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122  жедел желі телефондары (жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат  9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс) арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласа аласыз. 

Сондай-ақ Сізге ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш жасауға болады, ал егер ақшаны беріп қойсаңыз тез арада құқық қорғау органдарына тиісті өтініш беру қажет. 

  1. Компанияның иелері және басшылығы туралы ақпаратты зерделеңіз, сондай-ақ оның қайда тіркелгенін біліңіз. Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компанияың өзі бейнебір оффшорлық аймақта тіркелсе, онда өзіңіздің жинағыңызды орналастырудан бұрын ойланғаныңыз жөн. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал  нақты иесінің атын немесе бұл құрылымның артында кім тұрғанын білу өте қиын. Сол себепті компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын міндетті түрде сұратыңыз.
  1. Сізге инвестицияның кепілді жоғары кірістілігі жөнінде уәде бере ме, тексеріңіз. Егер олай болса, бұл күдік туғызуы тиіс. Алаяқтар психологияны жақсы біледі, әр адамның ешқандай күш салмай, тез арада  кіріс кенелуді қалайтыны анық. Сізге жылдық 20, 50, тіпті 100%-дық кірістілікке уәде бере ме? Сенбеңіз, олар алаяқтар. Егер компания қызметінің ерекшелігі түсініксіз болса, салымдар жасауға асықпаңыз. Сондай-ақ, ақша қайтарудың нақты тетігінің болмауы да күдіктенудің бір себебі. Мәселен, қаражатты тек белгілі бір сомаға қол жеткізгеннен кейін береміз деп жазса. Сізде салынған қаражатыңызды басқару және қажет болған жағдайда оны шешіп алу мүмкіндігі болуы тиіс. Құжатқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып, зерделеп алу қажет, түсініксіз тармақтары болған кезде мамандардың кеңесіне жүгініңіз.  

Есіңізде болсын, мен мұндалаған жарнама – жоғары кіріспен салымдар жасаудың себебі емес, керісінше, оның орындалатынына күмәнмен қарау қажет.

  1. Сізге жаңа салымшылар тартқаныңыз үшін сыйақы бере ме, тексеріңіз. Егер олай болса, Сізді қаржы пирамидасына тартып жатқаны айдан анық.
  1. Компания корпоративтік іс-шараларға, түрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтысына қатысуға шақыра ма?

Бұл салымшыларды пирамидаға тартудың кеңінен таралған тәсілдерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және кірісті компанияның» бейнесі қалыстастырылады. Ал екінші жағынан, пирамиданың күмәнданған қатысушыларының «корпоративтік рухын» нығайтып, заңды межеге - пирамиданың күйреуіне қол жеткізу жолынан ауытқуға мүмкіндік бермейді.