Қаржы министрлігінің 40 млрд рубль (550 млн АҚШ доллар) мөлшеріндегі облигациялары AIX-те листингтелді, деп хабарлайды "Астана" халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі. 

Астана халықаралық биржасы («AIX», «Биржа») Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ресейлік рубльмен номинирленген облигацияларды шығаруды және орналастыруды AIX және Мәскеу биржасында («MOEX») жүзеге асырғанын қуана хабарлайды. Барлығы 10 млрд рубль сомасын құрайтын төрт транш 2026, 2028 және 2031 жылдары өтеу мерзімімен листингтелді. АІХ-те 7,76 млрд рубль тартылды (107 миллион АҚШ доллары).

АІХ-те шығарудың ұйымдастырушысы «First Heartland Securities» АҚ (FHS) болды.

«Біз AIX суверенді облигацияларды орналастыру үшін жергілікті алаң ретінде таңдалғанын мақтан етеміз.. Бенчмарк болып табылатын облигациялар листингі кейінгі корпоративтік орналастыруларға ықпал етеді және ҚР Үкіметінің суверенді борыштың валюталық қоржынын әртараптандыру бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі деп үміттенеміз», дейіді АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.

Бұл Министрліктің облигацияларын AIX-те төртінші орналастыруы. 

AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді  AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар ұсыну жолымен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуда болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ "Белдеу және жол" бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады.