АҚШ-та криптовалютаны ұлттық қорға қосу тақырыбы талқылануда, бұл – әлемдік қаржы жүйесін өзгерте алатын революциялық қадам. Президент Дональд Трамп цифрлық актив туралы жарлыққа қол қойып, криптовалюта және цифрлық активтердің стратегиялық мемлекеттік қоры құрылатыны туралы мәлімдеді. Цифрлық активтер тәжірибе деңгейінен қалайша асып, мемлекеттік экономиканың стратегиялық құралына айналуда? Binance сарапшылары осы туралы айтып берді.
Біртіндеп қабылдау
Дәстүрлі ұлттық қорлар негізінен алтыннан және шетел валютасынан құралған, дегенмен, биткоинды «цифрлық алтын» ретінде қарастыру идеясы жеке инвесторлардың арасында ғана емес, институционалды және мемлекеттік орталарда да кең таралуда. Оның тапшылығы, өзгермейтіні және орталықтандырылған қаржы жүйелерінен тәуелсіздігіне байланысты криптовалюта ұзақ мерзімді құндылық ретінде сақтауға қолайлы саналады.
Сальвадор және АҚШ сияқты мемлекеттер биткоинды өз қорларына формальды түрде кіріктіруді бастады, ал бүкіл әлемдегі тәуелсіз қорлар мен орталық банктер цифрлық активтерді өз портфеліне қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. BlackRock және Fidelity сияқты қаржы алпауыттарының биткоинның әлеуетін мойындауы цифрлық активтердің дәстүрлі қорлармен қатар жүре алатыны туралы идеяны нығайта түсті. Егер биткоинды осылай қабылдау жалғаса берсе, бүкіл әлем цифрлық активтердің стандартты қордың активіне айналып, қаржылық көзқарастың түбегейлі өзгеруіне куә болуы ғажап емес.
Инновацияларға дайындық
Цифрлық активтерді ұлттық қорларда сақтау – олардың мүмкіндіктерін мойындау ғана емес, бұл инновацияларға дайындық туралы мәлімдеуді де білдіреді. Цифрлық активтерді енгізіп жатқан мемлекеттер алыс болашақты болжап, бейімделе алатындарын, цифрлық экономика көшбасшыларына айнала алатындары туралы белгі береді.
Бұл қадамға баратын үкіметтер цифрлық қаржы саласындағы жаһандық саясатты қалыптастыра алады, халықаралық стандарттарды орнатып, келесі қаржылық эволюцияны басқара алады. Цифрлық қорларды пайдаланудың мүмкіндіктерін қабылдай отырып бұл мемлекеттер өздерін блокчейн саласындағы инновациялардың орталығы ретінде көрсетеді, финтех және технологиялық трансформацияның келесі толқынына инвестиция құяды.
Экономикалық өсудің қозғаушы күші
Цифрлық активтерді қосу символикалық және қаржылық мәннен бөлек анағұрлым экономикалық кіріс те әкелуі мүмкін.
Көптеген мемлекетте жұмыспен қамту деңгейінің баяулауы, еңбек нарығындағы өзгерістер және жоғары біліктік мамандық иелеріне деген сұраныстың артуы байқалады. Әлемдегі жұмыссыздық деңгейі құбылмалы болғанымен, жалпыға ортақ үрдіс бар: дәстүрлі салаларда жұмыс көлемі азайып, технологиялық секторлар жылдам дамуда.
Цифрлық активтерді ұлттық қорларда пайдалану блокчейн, финтех және цифрлық активтер инфрақұрылымына инвестиция жұмылдыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Үкіметтің цифрлық қаржыға сенімділік көрсетуі жеке сектордағы инновацияға, ал ол өз кезегінде жаңа компаниялардың, өнімділігі жоғары жұмыс орындарының құрылуына және жалпы экономикалық өсуге оң әсер етеді.
Қаржылық икемділіктің жаңа дәуірі
Цифрлық қорлардың тағы бір артықшылығы – жылдам трансшекаралық транзакцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі. Ал бұл сауда және қаржы тұрақтылығында аса зор маңызға ие. Алтынды сақтап, тасымалдау қажет, ал биткоин мен басқа да цифрлық активтер лезде-ақ шекара аса алады.
Қандай да бір мемлекетте төтенше жағдайға байланысты қорды пайдалану қажет болды деген жағдайды елестетіп көріңіз. Алтын және басқа да дәстүрлі активтерді жарату үшін тасымалдау және күрделі логистика қажет, бұған бірнеше күн кетеді. Ал биткоинның транзакциясы бірнеше минутта жүзеге асырылып, жылдам жаратылады, бұл – аса маңызды.
Әлемдік саудада ірі келісімдерге тез арада төлем жасау контрагенттердің тәуекелін төмендетеді, шығыстарды азайтып, тиімділікті арттырады. Мұндай икемділік, сонымен қатар, қаржылық тәуелсіздікті нығайтып, үкіметке басқа қаржы институттарына сеніп, қарап отырмауға мүмкіндік береді.
Цифрлық активтер – болашақтың бөлшегі
Биткоин сияқты цифрлық активтердің ұлттық қорларға қосылуы – қаржы стратегиясы ғана емес, бұл бүкіл әлемнің инновацияның жаңа дәуіріне қадам басқанын білдіреді. Бұл активтердің мүмкіндігін мойындай отырып үкіметтер өз қорларын әртүрлендіреді және өзін болашақтың цифрлық экономикасының алғы шебінен көрсете біледі.
Осы өзгерістерді бүгін қабылдаған мемлекеттер жаһандық қаржы әлемінің болашағын қалыптастыру көшін бастап, ұзақ мерзімді табысқа әкелетін нақты артықшылыққа ие болады. Цифрлық активтер болашақтың бөлшегіне айнала ма деген сұрақтың жауабы әлдеқашан табылды – олар болашақтың бөлшегіне айналып үлгерді және олардың ұлттық қордағы орны – бастамасы ғана.