Карантин бізді ұзақ уақыт үйде болуға дағдыландырды, бірақ ағындай қызметтерден басқа, бос уақытты өткізудің көптеген нұсқалары бар екенін есте сақтау керек. Басқаша айтсақ қажеттісіне уақыт бөле білген дұрыс.
Барлық қызық смартфонда
Ақпан айынан бастап Jusan мобильді қосымшасында жаңа сервис – «Билеттер» қолжетімді болды. Көптеген жаңа әзірлемелер сияқты, «Билеттер» де қызметтерді кешенді түрде ұсынады - «аш-таңда-сатып ал». Jusan мен Ticketon коллаборациясы бәрін өзгертеді! Сізге қажет нәрсені табу үшін енді бірнеше сайтты ақтарудың қажеті жоқ. Сервисте барлығы қала мен демалыс түрлері бойынша бөлінген, мұнда спорттық жарыстардан бастап балет қойылымдарына дейін барлығы бар.
Алда көктем
Көзіңіз сервистегі күнге түскен болса, қыстың аяқталуына санаулы күндер қалғанын байқайсыз, ол деген қыстық спорт және ойын түрлеріне арналған құрал-сайманды буып-түйіп жоғарыға қоятын күн жақындағынын білдіреді. Сондықтан да, қыстың әдемі сенбілік кештерін Шымбұлақта өткізуге асығыңыздар. Коньки, шаңғы, тюбинг – қарқыныңызға сай келетінін таңдаңыз да «Билеттерді» ашыңыз. Егер спорт түрінен сізге тек спорттық құмарлық жақын болса, онда хоккей командаларының мұздағы тартымды ойынын жіберіп алмаңыз!
Демалысқа да сыйлық бар
Уақыт көңілді өтсе, ол текке кетпегені, ал «Билеттер» сервисімен ол тіпті қаржылай тиімді болады. Jusan мобильді қосымшасы ішіндегі бонустық жүйе картамен және бонустармен микс түрінде жинақталған бонустар үшін билеттерді сатып алуға мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда бұл жүйеде нақты ақшаға сатып алу ретінде есептеледі және сіз сатып алынған билеттің сомасынан 4% бонус аласыз.
Егер ойын-сауық форматы жасына байланысты әр түрлі шығындарды қамтыса қызмет сізге бүкіл отбасы немесе достар компаниясына тиімді бағада билеттер сатып алуға және балалар мен студенттерге арзан бағамен билеттер сатып алуға мүмкіндік береді.
Ең сәтті билет
Билетті сыйлық ретінде ұсына аласыз! Парапланда ұшу, қыш шеберлігі бойынша мастер-класс, кумирдің концерті немесе тәуелсіз театрдың сенсациялық пьесасы - мұндай сыйлық сіздің шынайы махаббатыңызды немесе нағыз достығыңызды көрсетуге көмектеседі! Сатып алу үлгісін толтыру барысында «е-mail» бөлімінде тосын сый кімге арналғанын көрсету жеткілікті!
Айтпақшы,
сервис функционалы сатып алынған билеттерді QR немесе штрих-кодтар түрінде
сақтауға және оларды кіре берісте тікелей смартфоннан көрсетуге мүмкіндік
береді.
«Билеттер» сервисі жоспардың қас-қағым сәтте өзгеріп кетуін де ескерген: егер жоспарыңыз іске аспай қалса сатып алған билетті қайтара аласыз (Jusan қосымшасында ақша сіздің картаңызға бес жұмыс күні ішінде қайтарылады, қайтару өтінімі үшін алдын ала Call-centre Ticketon қоңырау шалу қажет).
Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.