Санкт-Петербургтегі ПМГФ-2025 халықаралық газ форумында «Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер мен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр газ саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.
Тараптар Қазақстандағы табиғи газға деген сұраныстың артып келе жатқанын атап өтіп, ұзақмерзімді серіктестікті тереңдету туралы уағдаласты.
Қарашығанақ газы Ресейде өңделеді
Кездесу қорытындысында қазақстандық газды Ресей аумағында өңдеудің негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, Қарашығанақ кен орнынан өндірілген газ жаңартылған Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) қайта өңделетін болады.
Осы мақсатта Ресей тарапы зауытты заманауи технологиялармен жаңғыртуға кіріседі. Бұл екі елдің газ өңдеу және экспорттық қуаттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа магистральды газ құбыры салынады
Сонымен қатар форум аясында Ресей мен Қазақстан арасында жаңа магистральды газ құбырын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Құбыр Ресейден Қазақстан аумағына дейін тартылып, елдің солтүстік және орталық аймақтарының энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталады.