2025 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы депозиттердің жалпы көлемі 44,46 трлн теңгені құрады. Бұл қазан айының қорытындысымен салыстырғанда 221,9 млрд теңгеге аз. Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 10 айда алғаш рет төмендеді. Соңғы төмендеу 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша бірден 882,7 млрд теңгеге тіркелген болатын. Содан кейін көрсеткіш ай сайын өсіп отырған.

Ұлттық валютадағы депозиттер 54,8 млрд теңгеге төмендеп, 35,14 трлн теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер де бірден 167,1 млрд теңгеге қысқарып, 9,32 трлн теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттердегі қаражат көлемі, валютасына қарамастан, 19,8 трлн теңгені құрап, бір айда 78,8 млрд теңгеге төмендеді. Жеке тұлғалар арасында да бұл көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді – 24,64 трлн теңгеге дейін немесе 143,1 млрд теңгеге.

Айта кетсек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы есебін жариялаған еді. Онда депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қазанда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,1%, 35,2 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2,8%, 44,7 трлн теңгеге дейін ұлғайғаны айтылған