2022 жылы қара жұмысшылардың орташа жалақысы 232 мың теңге болды, деп хабарлайды HH.
Соңғы бір жылда саладағы жалақы оң динамика көрсетті. Бұған hh.kz сайтындағы бос жұмыс орындарының мәліметтері дәлел. Жалақының жылдық өсімі +32,8%-ды құрады.
Жұмыс берушілер жақсы және ұзақ жұмыс тәжірибесі бар мамандарға 340 000 теңге, еңбек жолын енді бастап жатқандарға 180 000 теңге жалақы беруге дайын.
Өңірлер бойынша қара жұмысшылардың ең жоғары жалақысы Петропавл (320 мың теңге), Семей (303 мың теңге), Ақтөбе (274 мың теңге) және Ақтау (271 мың теңге) қалаларында.
Нұр-Сұлтанда 247 мың теңге, Алматыда небәрі 213 мың теңге.
Жұмыс берушілер арасында ең сұранысқа ие мамандар – монтаждаушы, жүк тиеуші, тапсырыс жинаушы, механик және слесарь.
Ең жоғары жалақы алатындар – машинистер, дәнекерлеушілер, монтаждаушылар.