2024 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 4,4%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 67,8% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,8% (152 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,6% (145 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы қаңтарда 5,8%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы қаңтарда 1,7%-ға немесе 15,5 млрд теңгеге 920 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы қаңтарда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 14,6 млрд теңге болды.
2024 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 415 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49,7%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (255 мың шарт) және өмірді сақтандыру (161 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы қаңтарда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 140,2 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,3%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша 2024 жылғы қаңтарда 16,4 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын, сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (71,0%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы қаңтарда 49,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,0%-ға көп. Өсу негізінен ауырған жағдай (61,1%-ға немесе 5,7 млрд теңгеге өсу) және өмірді сақтандыру (49,9%-ға немесе 5,7 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы қаңтарда 74,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 13,4%-ға немесе 6,2 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы қаңтарда сақтандыру төлемдері 20,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы қаңтарда барлығы 115 мың төлем жүзеге асырылды.