Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қаңтар айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылдың қаңтарында 23,7 трлн теңгені құрады және желтоқсанмен салыстырғанда 9,2% немесе 2,4 трлн теңгеге төмендеді.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,5% өсіп, 3 299,91 тармақты құрады. -
Акциялар нарығын капиталдандыру 2,5%, 21,7 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3%, 14,4 трлн теңгеге дейін төмендеді.
2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 228 эмитенттің 579 атаудағы беймемлекеттік бағалы қағаздары болды.
2023 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ-да 545 431 жеке тұлғаға ашылған 578 673 жеке қосалқы
шот болды. Қаңтар айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 38 972 жаңа
дербес қосалқы шотты тіркелді.