2023 жылдың қаңтар айында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық көлемі нарықтың барлық секторларында 23,7 трлн теңгені (51,2 млрд АҚШ доллары) құрады және 2022 жылға қарағанда 20,3% (долларлық мәнде 12,8%) өсті.
2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 9,2% төмендеді. 2023 жылдың қаңтар айында:
- акция саудасының көлемі 19,0 млрд теңгені құрады (2022 жыл тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өскен). Ал 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 90,4% төмендеді;
- корпоративтік облигациялар саудасы 184,3 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 есе өсті;
- мемлекеттік бағалы қағаздар саудасы 515,6 млрд теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсті. 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда көлемі 22,8% төмендеді;
- инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар саудасы 302,2 млн теңгені құрады және 2022 жылға қарағанда 86,0% төмендеді. 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 14,2% төмендеді;
- шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда 1,7 трлн теңгені құрады және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,2% өсті;
- ақша нарығындағы сауда 21,2 трлн теңгеге жетті және 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,9% өсті.