2022 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша жол және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірісі 148,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 35,4%-ға артық.

Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен табыс бір жылда 39,5%-ға өсіп, 104,2 млрд.теңгеге, жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыс – 26,6%-ға, 44,6 млрд.теңгеге дейін өсті.

Саладағы жолаушылар тасымалының басым бөлігі автобус тасымалынан түскен – 40,2 млрд теңге немесе жолаушылар тасымалының жалпы кірісінің 90 пайызы және барлық кірістің 27 пайызы. Жылдық өсім 29,7 пайызды құрады.

Өз кезегінде таксимен тасымалдаудан түскен кіріс 5,8%-ға өсіп, 1,8 млрд.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында жолаушылар тасымалы 2,7 млрд адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық.

Автобустар – 1,8 млрд жолаушы, такси – 881,8 млн жолаушы, троллейбус – 13,1 млн жолаушы, трамвай – 12,2 млн жолаушы тасымалдады.

Ағымдағы жылдың бес айында жолаушылар айналымы 16,3%-ға өсіп, 29,6 млрд пкм құрады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау мәселесі жиі талқылануда. Субсидияларды арттыруға жергілікті бюджеттерден қаражаттың тапшылығы кедергі келтіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сондықтан Экономика министрлігіне республикалық бюджеттен субсидиялауға қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізілді.

Осымен қатар қазіргі уақытта 10,7 мың автобустан тұратын қалалық маршруттардағы автобус паркін жаңарту мәселесі өткір тұр: амортизация қазірдің өзінде 46%-ға жақындады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда автомобиль және қалалық электр көлігімен 1,12 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,6%-ға артық. Бұл ретте жүк айналымы 52,7 млрд ткм құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2%-ға аз.

Қазақстандық компаниялардың халықаралық тасымалдау нарығына қатысуы жыл соңына дейін 10 пайызға төмендеуі мүмкін. Мұндай алдын ала есептеулерді «Атамекен» Ұлттық палатасының сарапшылары жасады, деп хабарлайды Хабар24.