Қайталама нарықтағы көлік саудасы көбейді

Көрсеткіш былтырғыдан 8,6% көп.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында 610120 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мың бірлікті құрады.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,5%-ға көбейді.2)

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд. теңге сомасында 60482 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.