2022 жылғы қаңтарда елде жылдық инфляция 8,5% болып (2021 жылғы желтоқсанда – 8,4%), жеделдеді. Өңірлер бойынша жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 5 өңірде баяулады, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды.
Ең көп жеделдеу Ақтөбе облысында (желтоқсандағы 8,7%-дан қаңтарда 9,2%-ға дейін) тіркелді, ал баяулау Маңғыстау облысында (9,2%-дан 8,7%-ға дейін) және Нұр-Сұлтан қаласында (8,8%-дан 8,3%-ға дейін) байқалды.
Қаңтарда азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бір ай бұрынғы 9,9%-дық деңгейде сақталды. Осы топтың тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Ақмола облысында қалыптасты (11,7%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі де өз мәнін 8,5%-дық деңгейде сақтады. Ең жоғары мәндер Ақмола және Ақтөбе облыстарында (10,2%-дан), ең төмен мән Маңғыстау облысында (7,1%) тіркелді.
Ақылы көрсетілетін қызметтің бағасы қаңтарда 6,8%-ға өсті (желтоқсанда - 6,5%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға біршама жоғары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында (8,2%-дан), біршама төмен Ақмола облысында (5,3%) өсті.
Елде айлық инфляция 0,7%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда қаңтардағы бағаның орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдары: 0,6%). Орташа тарихи нормасынан жоғары баға 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында (1,0%), Ақтөбе (0,9%), Қарағанды (0,9%) облыстарында, Шымкент қаласында (0,9%), Ақмола (0,8%), Батыс Қазақстан (0,7%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,6%) өсті.
Маңғыстау, Атырау, Павлодар және Қостанай облыстарында баға өсу қарқыны өзінің орташа тарихи нормасын сақтап қалды. Қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өзінің орташа нормасынан төмен қалыптасты.