Несие сапасы банктің сенімділігі мен тиімділігінің негізгі критерийлерінің бірі. Биылғы жылдың 1 тамызында ҚР ЕДБ жиынтық несие портфеліндегі кешіктірілген берешек 1,53 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,9% көп. Он ірі кредитор банкте тек 3 ЕДБ кешіктірілген қарыз азайды, деп хабарлайды ranking.kz.
Bank RBK топ-банктер арасында кешіктірілген несиелермен күресте ең жақсы көрсеткішке ие: бір жылда бірден 48%, небәрі 34,8 млрд теңгеге дейін азайтты. Бір айдың ішінде қаржы институтының кешіктірлген несиесін тағы 6,8% төмендетті. Төлем мерзімі кешіктірілген несиелер банктің несие портфелінің 4,5%-ын ғана құрайды, айтпақшы, кешіктірілген төлемдердің азаюы аясында несие портфелі бір жылда 31,5%-ға өсті.
Екінші орында ЦентрКредит Банкі. Мұнда бір жыл ішінде кешіктірілген қарыз 4,8% азайып, 93 млрд теңгені құрады. Бұл банктің несие портфелінің 5,5%-ын құрайды.
Үздік үштікті ForteBank жабады: 3,2%, 80,5 млрд теңгеге дейін азайды. Кешіктірілген несиелер банктің несие портфелінің 7,4%-ын құрады.
Алғашқы ондыққа кіретін ҚР-ның қалған 7 ЕДБ-де кешіктірілген несиелер керісінше өсті.
Жалпы сектор бойынша 90 күннен астам кешіктірілген қарыз (NPL 90+) көлемі бір жылда 1,1% өсті. Көрсеткіш қазірдің өзінде 828 млрд теңге. Жылдық динамика бойынша ірі банктердің ішінде тек 4 ЕДБ өз көрсеткіштерін жақсартты.
NPL 90+ төмендеуі бойынша Bank RBK көш бастады: бір жылда бірден 66,2%, небәрі 17,8 млрд теңгеге дейін азайды, банктің несие портфелі 778,2 млрд теңге.
Екінші орында Halyk Bank (21,3% азайған), одан кейін ЦентрКредит Банкі (20,4% азайған) және ForteBank (2% азайған). Алдыңғы ондыққа кіретін қалған барлық кредитор банктер жылдық динамика бойынша нашар несиелерді керісінше көбейтіп алды.
Ескерту: Bank RBK, Halyk Bank несиелік портфель сапасы бойынша ірі банктердің үштігіне кіреді. Bank RBK-дағы NPL 90+ үлесі несиелердің жалпы көлемінің небәрі 2,3%, Halyk Bank-те 2,1% құрайды. Сектордағы ең сапалы портфелі бар үшінші банк – мемлекеттік «Отбасы Банк» (портфельдің 0,1%-ы ғана).
Жалпы сектор бойынша кешіктірілген несиелердің несие портфеліндегі үлесі бір жыл бұрынғы 7,5%-бен, бес жыл бұрынғы 18,9%-бен және он жыл бұрынғы 35,3%-бен салыстырғанда 7,1%-ды құрап жақсарды.
Өз кезегінде, ең қауіпті NPL 90+ несие портфелінің 3,8%-ын құрады, бұл бір жыл бұрынғы 4,8%-бен, бес жыл бұрынғы 12,8%-бен және он жыл бұрынғы 31,5%-бен салыстырғанда жақсы.
ҚР ЕДБ жиынтық несие портфелі 21,55 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,3% артық.