Ресей президенті Владимир Путин Қазанда өткен БРИКС саммитінде символикалық «БРИКС банкнотымен» танысты. Банкнотада бірлестікке мүше барлық елдердің, соның ішінде БРИКС-ке кіруден бас тартқан Қазақстанның тулары бейнеленген.
Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, банкнотты «арамыздағы біреуіміз немесе Сауда-өнеркәсіп палатасынан немесе басқа біреу басып шығарған». Кездесуден кейін Путин оны көрсетті.
Банкнотта БРИКС елдерінің тулары мен негізгі белгілері, оның ішінде Қазақстанның туы бейнеленген.
Айта кетейік, таяуда Қазақстан бұл ұйымға кірмейтіні мәлімденген. Бұл ұйымды қазір ұжымдық батысқа қарсы елдер бірлестігі ретінде қарастыруда.
«БРИКС банкноты» «БРИКС шеңберінде жүргізіліп жатқан ортақ жұмысты» білдірсе керек.