A және B санатындағыларға берілмейтін жәрдемақы тізімі

Келер жылдан бастап елдегі жалпы әлеуметтік көмектің 36 түрінің 14-сі A және B санатындағыларға берілмейді:

  • бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы;

  • бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төлем;

  • зейнеткерлерден басқа көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;

  • көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы;

  • мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы;

  • I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін төлем;

  • жерлеуге берілетін жәрдемақы;

  • I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларды қоспағанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы;

  • жетімдерді қоспағанда, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы;

  • Тәжік-ауған шекарасында, Иракта және Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге берілетін төлемдер;

  • қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына берілетін жәрдемақы;

  • «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын алған азаматтарға берілетін төлем;

  • «Халық қаһарманы» атағына ие болған азаматтарға берілетін төлем;

  • зейнеткерлерден басқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған азаматтарға берілетін төлем.

Ал қалған 22 әлеуметтік төлем қай санатқа жататынына қарамастан беріле береді.