Еліміздің халықаралық аренадағы экономикалық мүддесін белсенді түрде ілгерілетіп, ұлттық мүддені қорғауда сындарлы ұстаным және кәсіби біліктілік таныту керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Жолдауында.
"Қазақстанның игілігі үшін Еуразия экономикалық одағының және «Бір белдеу – бір жол» жобасының зор мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жөн.
Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр.
Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн.
Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартудың негізгі құралына айналуға тиіс", деді Мемлекет басшысы.