Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда және жемқорлықтың пайда болу себеп-салдарына назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде екендігін атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Мәселен, біздің орталық («Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы) oрталықтағы мемлекеттік сатып алуға қатысты шаралар да ашық және жариялы түрде ұйымдастырылып жүр. Тиісті ақпараттар сайтқа салынады. Соған сәйкес, кез келген адам оны қарай алады.

Пара алу жағдайларының алын алу үшін мекеме ішінде арнайы ақпараттық бұрыш және азаматтар шағымына арналған жәшік бар. Ал «Сарыарқа» және «Qazaqstan» спорттық кешелерiнің сыртында орналасқан алып экрандарда жемқорлық пен оның жазасына қатысты бейнеролик ойнатылады. Бұл жұмыстар елордадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен бірлесе жүзеге асырылып жатыр. Дәл осы агенттік мамандары біздің мекеме ұжымымен кездесіп, арнайы жиналыс өткізеді. Оның барысында заң бұзушылықтың отандық спортқа әкелетін залалы жан-жақты түсіндіріледі.

Қазіргі қоғамда ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыру бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі деп санаймыз.

Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби құзыреттілік арттырып, ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын арттыру қажет.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл парадигмасын өзгертудің тұжырымдамалық негізі парасаттылық идеологиясы. Парасаттылық – әділдік, заңдылық, сатылмайтындық, адалдық сияқты құндылықтарды біріктіретін кешенді ұғым. Парасаттылықтың жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын, айқындығын көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды факторы қызметкерлердің барынша проблемалы, өткір мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын анықтауға тікелей қатысу мүмкіндігі болып табылады.

Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды барынша қолайлы әрі қауіпсіз ету – әрқайсымызға жүктелген міндет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

А. Аңсағанова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің                                          (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бас маманы

 

А. Қаженов

«Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы

Маркетинг және жарнама  бөлімінің инспекторы