Елімізде жемқорлыққа қарсы күрес күшейді. Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ерекше екпін жасап, нақты міндеттерді айқындап тұрады. Мәселен, жуырда ғана Ұлттық құрылтай отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді жүріп жатқанын атап өтті.
«Бұл – еліміз үшін өте өзекті мәселе. Қазақстан жемқорлықпен күрестің негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай алға басты. Халықаралық рейтинг агенттіктері осылай бағалап отыр. Бірақ, тоқмейілсуге болмайды. Өкінішке қарай, жемқорлық – жұрттың санасына сіңіп, әбден әдетке айналып кеткен. Бұл – ащы болса да, шындық» - деді Президент. Осы орайда тиісті түсіндіру жұмысын жүргізіп, тосқауыл қоюды тапсырды.
Аталмыш олқылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында біздің мекемеде де кешенді шаралар қолға алынды. «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы есеп айырысудың заманауи форматына көшті. Яғни, іссапар ақысы спортшы мен бапкердің шотына емес, қызмет көрсетушіге жіберіледі. Орталықтағы мемлекеттік сатып алу шаралары ашық және жариялы ұйымдастырылады. Тиісті ақпаратты келген адам сайтымыздан қөре алады. Бұған қоса, жаңа мамандар қызметке байқау арқылы ғана қабылданады. Оған қатысты деректер де біздің орталық пен Спорт және денешынықтыру істері комитетінің сайтында жарияланады.
Жемқорлықтың алын алу мақсатында арнайы ақпараттық бұрыш және азаматтар шағымына арналған жәшік қойылды. Ал «Сарыарқа» спорттық кешенінің сыртындағы алып экрандарда жемқорлық пен оның салдарына қатысты бейнеролик ойнатылады. Бұл жұмыстар елордадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментімен бірлесе жүзеге асырылады. Дәл осы Агенттік мамандары біздің мекеме ұжымымен кездесіп, арнайы жиналыс өткізеді.
Мемлекет басшысы мәселені түбейгейлі шепесек, жемқорлар алшаң басып жүре беретінін алға тартты. «Ал, жұмысына адал еңбек адамына қоғам, әсіресе жастар менсінбей қарайтын болады. Бұл – өте қауіпті үрдіс» - деді. Сондытан, жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет.
Аслан Қаженов
«Нұр-Сұлтан»
Олимпиадалық даярлау орталығы
маркетинг бөлімінің қызметкері