2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында пошта және курьерлік қызмет көрсету көлемі 86,2 млрд теңгені құрады, бұл ақшалай мәнде 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өткен жылдың 12 айында ауылдық жерлерде көрсетілген қызмет көлемі 2,5 млрд теңгеге жетті.

Өңірлік бөліністе курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласына тиесілі болды – 51 млрд теңге. ТОП-3 өңірдің қатарына сондай-ақ Астана қаласы (11 млрд теңге) және Қарағанды облысы (2,8 млрд теңге) кірді.

Қызмет көрсетудің ең төмен көлемі Ұлытау облысында тіркелді – 170 млн теңге.