Павлодардағы алтын кен орны шетелге сатылды

«Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы «Майкаинзолото» компаниясының 100% акциясын өзінің бас компаниясы – Нидерландта тіркелген Gouden Reserves B.V. компаниясына сатты. Ал «Алтыналмас» компаниясының өзі қазір кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сатылу процесінде.

«Алтыналмас» компаниясы «Майкаинзолотоның» 100% акциясына иелік етуін тоқтатқанын хабарлады. Бұл активті Gouden Reserves Kazakhstan компаниясына – Gouden Reserves B.V.-ның еншілес құрылымына сату мәмілесі аяқталғаннан кейін жүзеге асты.

Мәміле құны 8,7 млрд теңгені құрады. Сатып алу-сату шарты 27 сәуірде жасалған.

«Майкаинзолото» Павлодар облысындағы Майқайың жерасты кенішіне, Майқайың байыту кешеніне, кәсіпорындарды ғана емес, шамамен 10 мың тұрғыны бар кентті жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандыққа, сондай-ақ көлік цехына иелік етеді.

Кәсіпорын алтын құрамды кен өндіреді және 2026 жылы өндіріс көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлаған.

2026 жылғы 1 сәуірдегі KASE деректеріне сәйкес, «Алтыналмас» акцияларының 66,4%-ы Gouden Reserves B.V. компаниясына, 22,6%-ы Владимир Жұманбаевқа тиесілі болған.

2026 жылдың наурызында Шахмұрат Мүтәліпке Алтыналмас компаниясының 100% акциясын сатып алу туралы келісімге қол қойғаны белгілі болды.