2021 жылдың қазан айында пәтер жалдау өткен жылдың қазанымен салыстырғанда рекордық 18,5% қымбаттап кетті. Былтыр қазанда алдыңғы жылғы қазанмен салыстырғанда баға 9,8% өскен еді.
Өңірлер бойынша ең қатты қымбаттағаны БҚО. Мұнда шаршы метрді жалдау ақысы 37,4%-ға бір-ақ көтерілген. Алматы қаласында 35%, Шымкентте 33,8% қымбаттаған.
Түркістан облысында 24,6%, Ақтөбе облысында 19,8%, Атырау облысында 18,5%, Нұр-Сұлтан қаласында 17,9%, Маңғыстау мен ШҚО-да 15,3% қымбаттады.
Ақмола облысында 12%, Қарағанды облысында 11,7%, Жамбыл облысында 11,6%,, Қызылорда облысында 10,2%, Павлодар облысында 9,1%, Қостанай облысында 8,9%, СҚО-да 8,2%, Алматы облысында 4,2% өскен.
Айта кетерлігі, баға өсімі тамыз айында 4,2% болса, қыркүйекте 1,1% болды.
Баға ең қымбат өңірлер астана (шаршы метрі 3443) мен Алматы (3062 теңге). Артынша Ақтау мен (2359 теңге) мен Түркістан (2307 теңге).
Одан кейін Атырау (2171 теңге), Шымкент (2100 теңге), Қарағанды (1980 теңге) өңірлері.
Жалпы, республика бойынша орташа баға шаршы метріне 1877 теңге.
Арзан өңірлер Тараз (1370 теңге), Қызылорда (1398 теңге), Семей (1452 теңге), Қостанай (1481 теңге) қалалары.
Ал Петропавлда 1539 теңге, Көкшетауда 1573 теңге, Оралда 1585 теңге, Өскеменде 1677 теңге, Ақтөбеде 1746 теңге, Павлодарда 1785 теңге, Талдықорғанда 1858 теңге.