Пәтер жалдаудың орташа құны қыркүйек айында шаршы метріне 4 715 теңге болды, деп хабарлайды статистика бюросы. Баға тамыз айымен салыстырғанда 2,4% төмендеді. Бұл қаңтардан бергі ең қатты құлдырау.
Әсіресе Алматыда айтарлықтай арзандады. Бір айда баға 6% төмендеді – бұл 2016 жылдың мамырынан бергі рекорд.
Ал Астанада керісінше баға тамызбен салыстырғанда 4% өсті, бұл былтырғы күзден бергі ең қатты қымбаттау.
Есесіне баспана сату бағасы қымбаттады, жаңа үйлер 1,5% қымбаттады, бұл 2022 мамырдан бергі ең қарқынды қымбаттау.
Алматыда үй бағасы тамызбен салыстырғанда бір айда 5,2% қымбаттады. Көрсеткіш 2022 жылғы наурыздан бергі рекорд.
Одан бөлек Павлодар (+2,9%) және Астанада (+0,2%) баға өсті.
Қайталама нарықтағы баға өзгеріссіз қалды деуге болады, 0,1% ғана қымбаттады. Атап айтқанда Алматыда 2,5% қымбаттады.