Республикалық бюджетке 2024 жылғы 1 жартыжылдықта кірістің айтарлықтай тапшылығы (Ұлттық қордан трансферттерді есепке алмағанда): жоспардың 81,2% орындалуы – 6,93 трлн теңгенің орнына 5,63 трлн теңге ғана.

Бюджет кірісі (трансферттерді есепке алмағанда) 2023 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 518,5 млрд теңгеге аз.

Бұл ретте жоспанланған бюджет шығыны 94,9%-орындалды (11,26 трлн теңгенің 10,69 трлн теңгесі).

Бюджет кірісінің жетіспеушілігі Ұлттық қордан түсетін трансферттердің артуына алып келеді. Ал Ұлттық қордан түсетін трансферттердің өсуі теңгенің нығаюына себепші болып отыр. Өйткені Ұлттық қордағы доллар нарықта сатылып, орнына теңге алынады. Тиісінше сұраныс теңгеге күшейеді.

Бюджет кірісі аз болғанда шығынды көбейте алмайтынымыз анық, ал шығынның көбеймеуі өз кезегінде инфляцияны азайтады.