Пандемиядан ең көп зардап шеккен құрылыс пен ауыл шаруашылығы
Ауыл шауарышығы мен өнеркәсіп бәсекелестіктен қорықпайды.

2021 жылғы 3-тоқсанда өндіруші, өңдеуші, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ауыл шаруашылығында, құрылыс пен көлікте өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі көтерілді. Барынша жоғары деңгей тау-кен өндіру саласында (61,1%), төмен деңгей – құрылыста (51,4%) сақталып отыр.

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, іс жүзінде барлық салаларда бәсекелестік әлі де маңызды. Кәсіпорындардың 42,4%-ы бәсекелестіктің әсеріне ұшырауға барынша бейім болып келеді. Бәсекелестік аз әсер ететін сала ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде байқалды (тиісінше 19,0% және 14,6%).

2021 жылғы 3-тоқсанда сауалнамаларда пандемияның кәсіпорындар қызметіне әсері туралы бір реттік сұрақ енгізілді. Пікіртерім көрсеткендей, пандемия салдарынан барлық салалар, көбінесе – құрылыс, ауыл шаруашылығы – аздап зардап шекті.

Пікіртерімге барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау кәсіпорындары қатысты.