"Алматы жастары 3.0" бағдарламасына қатысу үшін қалалық тіркеу алынып тасталды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев туиттерде жазды.

"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады", деп жазды Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында бағдарлама бойынша үй алу үшін қала соңғы екі жылда тіркеуде болу керек еді.

Бағдарламаға қатысу үшін 22 маусымнан бастап құжат тапсыруға болады.

Естеріңізге сала кетеійк, "Алматы жастары 3.0" бағдарламасы жеңілдетілген несиемен жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарлама. Несиенің пайызы 5%, Алғашқы төлем 10%, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін. Максималды сома 13 млн теңге.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:

— 35 жасқа дейінгілер (35 жас саналады);

— Өзінің және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда меншікті үйінің болмауы;

— қаладағы қалалық және республикалық мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу керек (медицина қызметкерлері, мұғалімдер, тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері, тренерлер мен спортшылар, жоғары оқу орны мен зерттеу институттарындағы оқытушылар мен қызметкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер мен БАҚ қызметкерлері).

—ресми жұмыс өтілі соңғы 6 айда болуы керек. мәдениет саласындағы өзін өзі жұмыспен қамтушылар тіркелген ЖК болуы керек.

Қатысушыларды іріктегенде үйленген/тұрмысқа шыққандығы, балаларының болуы секілді ерекшеліктер қосымша плюс болады. Бағдарламаға қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс банкіне хабарласу керек.