Қазакстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұған дейін тізілімге 37 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын.
Өзбек тарапына Қазақстанның ветеринария жүйесіне толық шолу жасау қорытындысы бойынша ветеринарлық қызметтің кепілдігімен тағы 19 мал шаруашылығы өнімін өндіруші экспорттау құқықығына ие болды. Нәтижесінде қазіргі Өзбекстанның тізілімінде 56 қазақстандық кәсіпорын бар.