Өзбекстанда Volkswagen зауыты ашылды

Өзбекстанда Volkswagen зауыты ашылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Volkswagen автокөліктерін шығаратын зауытты ресми ашты.

Volkswagen пен «Узавтосаноат» құрамындағы Alyans Auto компаниясының бірлескен жобасы аясында Volkswagen-нің жеті түрлі моделін құрастыру жоспарланған. Алайда нақты қай модельдер екені әзірге жарияланған жоқ.

Алғашқы кезеңде көліктер Ташкентте ірі тораптық құрастыру әдісімен жиналады. Кейін Ангрен еркін экономикалық аймағы аумағында дәнекерлеу, бояу және жоғары деңгейдегі жергіліктендіруді қамтитын толық өндірістік циклге ие зауыт салу жоспарланып отыр. Автокөліктерді құрастыру үшін Қытайдан жеткізілетін құрамдас бөлшектер пайдаланылады.

Жоба аясында шығарылған көліктер Өзбекстанның ішкі нарығымен қатар Орталық Азия, ТМД және Кавказ елдеріне экспортталмақ.

Бұл бастама Өзбекстанның 2030 жылға қарай елдегі автокөлік өндірісін жылына 1 млн автомобильге жеткізу стратегиясының бір бөлігі болып саналады.