Қоқанда электрокөлік зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Forbes.uz Ферғана облыстық әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың Silk Road Company компаниясымен бірлескен жоба құны $30 млн.
Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттан шығатын көлік құны 3 мың АҚШ долларына тең болады. Өндіріс 2021 жылы басталады. Өнім ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да сатылмақ.
Жобаны қолға алған жергілікті "Шаффоф омад саноат" компаниясы метан және пропан құрылғыларын және қосалқыларды шығарады.