Қазақпараттың мәлімдеуінше, отыз жылда республика бойынша 169 млн шаршы метр жаңа үй салынды. 1,5 млн азаматтың үй жағдайы жақсарды.
Биыл 17 млн шаршы метр үй (163,1 мың үй) салынбақ. Жыл басынан бергі тоғыз айда 11,6 млн шаршы метр үй салынып, жоспар 7,9% артығымен орындалды.
Жан басына шаққанда елдегі үймен қамту көрсеткіші 22,6 шаршы метр. Соның ішінде қалалықтардың жан басына шаққанда 25 шаршы метр, ауыл халқының басында 19,3 шаршы метр үйі бар.
2020 жылдың қорытындысы бойынша, халықтың 94,1%-ы таза сумен қамтылған. Соның ішінде қала халқы 97,5%, ауыл халқы 90,1% қамтылған.