Отбасы банкі бастапқы жарнасы 10% ипотека ұсынады

Ипотека рәсімдеу кезіндегі бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қазір бұл бағытта тиісті қаржылық модель әзірленуде. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа тетік азаматтардың тұрғын үй несиесін рәсімдеу кезіндегі қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған. Қаржылық модель «Отбасы банкімен» бірлесіп әзірленіп жатыр.

«Қазір бастапқы жарнаны төмендетуді көздейтін тетікті пысықтап жатырмыз. Қаржылық модельді Отбасы банкімен бірлесіп әзірлеудеміз. Шамамен 2027 жылға қарай жаңа тетіктерді таныстырамыз», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Жүнісбековтің айтуынша, бастапқы жарна 10%-ға дейін төмендетілмек.

Жаңа ипотекалық тетіктің нақты шарттары әзірге жарияланған жоқ.