«Қазақстанның Автокөлік Одағы» дерегінше 2026 жылы қазанда ресми дилерлер 21 912 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл жыл басынан бергі ең жоғары нәтиже: сауда 2025 жылғы қазандағыдан 8,5% (20 199) және биылғы қыркүйектегіден 13,1% (19 370) артты. Қаңтар-қазан қорытындысы бойынша 187 698 автокөлік өтті, бұл былтырғы ұқсас кезеңмен (181 648) салыстырғанда 3,3% көп.
2026 жылғы қазан қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 174 автокөлігі өткен Chevrolet алды (2025 жылғы қазанмен салыстырғанда +49%). Екінші орында Hyundai (3 200; -24,4%), үшінші орында Kia тұр – 2 350 автокөлік (+23,6%). Төртінші орынды 1 923 автокөлік сатқан Changan алды (+31,5%), бесінші орынға 1 656 автокөлік нәтижесімен Chery тұрақтады (+40%). Сонымен қатар тізімде Haval (1 242; +21,2%), Toyota (1 085; -4,7%), Jetour (893; -30,4%), Geely Galaxy (773) және Geely (626; -4,6%) бар.

Модельдер рейтингінде алғашқы үш орынға Chevrolet Cobalt (3 928), Hyundai Mufasa (1 446) және Kia Sportage (896) жайғасты. Төртінші орында Hyundai Tucson (864) тұр, бестікті Changan CS55 Plus (753) түйіндеді. Тізімге тағы Kia Cerato (610), Changan CS75 Plus (513), Chery Tiggo 7 (507), Haval Jolion (504) және Chery Tiggo 2 (495) енді.
Он ай қорытындысы бойынша бірінші орын иегері – 30 697 автокөлік сатқан Hyundai (2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда -22,9%). Chevrolet 30 446 автокөлік нәтижесімен екінші орын алды (+18,4%). Үшінші тұрған Kia-ның көрсеткіші – 21 314 автокөлік (+9,4%). Төртінші орындағы Changan-ның 17 568 автокөлігі өтті (+92,6%). Бестікті Chery түйіндеді – 13 650 (+19,8%). Одан кейін Haval (10 898; +16,8%), Jetour (9 561; -18,2%), Toyota (8 372; -5,1%), JAC (7 266; -11,3%) және Geely (5 871; -28,3%) тұр.