2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда қант өндірісі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 2,5 есе өсіп 195,5 мың тоннаны құрады.Өңірлер бойынша Жамбыл облысы көшбасшы. Мұнда өндіріс 2 есе өсіп 117,9 мың тоннаны құрады. Одан кейінгі Алматы облысында 4,6 есе көбейіп 74,6 мың тоннаға жетті. осы екі өңір жалпы өндірістің 98,5%-ын құрайды.2020 жылы он екі айда өндіріс алдыңғы жылмен салыстырғанда 41% азайып 147,5 мың тоннаны құраған еді.
Қаңтар-тамыз аралығында нарықтағы сұраныстың 43,4%-ын отандық өндірушілер қамтамасыз етті. Ал былтыр отандық өндірушілер ішкі сұраныстың тек 15,4%-ын ғана қанағаттандыра алған еді.
Импорт көлемі былтырғыдан 42,6% азайып 175,4 мың тонна болды.Ішкі нарықта сату көлемі 11% азайып 307,9 мың тоннаны құрады.Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда қант бағасы 32,1% ұлғайып 284 теңгені болды.Өңірлер бойынша ең қымбат астана (320 теңге), Атырау (315 теңге) және Павлодар (301 теңге), ең арзан Тараз (245 теңге).Ал қымбаттау қарқыны бойынша Шымкент алда. Мұндағы баға 53,3% қымбаттады. Одан кейін Түркістан (45,1%) мен БҚО (44,9%). Ең аз қымбаттаған өңірлер Алматы қаласы (17,3%).