2021 жылдың қазан айы қорытындысы бойынша, емдеу құрылғылары мен құралдар бір айда 0,4%, былтырдан бері 2,4% қымбаттады.
Айлық динамикада ең қатты мбаттаған Алматы облысы (1,7%), Қостанай облысы (1,5%) және Түркістан облысы (1%).
Жылдық динамикада қатты қымбаттаған Ақмола мен Маң,ыстау облыстары (8,1%), астана (7%).
Артынша Шымкентте 6,7%, Солтүстік Қазақстан облысында 6,2%, Қызылорда облысында 5,8% Қарағанды облысында 2,3%, Ақтөбе мен Павлодар облыстарында 2,1%, Қостанай облысында 2%, Батыс Қазақстан облысында 1,1%, Атырау облысында 0,9%, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында 0,4%, Алматы қаласында 0,3%, Түркістан облысында 0,1% қымбаттады.
Ал Жамбыл облысында керісінше 0,3% арзандады.
Жекелей айтқанда фармацевтикалық өнім бір жылда 2,4%, емдеу құралдары мен құрылғылары 5,4% қымбаттады.
Бағаның айтарлықтай қымбаттамай, салыстырмалы түрде тұрақты болуы осы өнім түрлерінің Қазақстанда көптеп өндіріле бастауы болса керек.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда фармацевтика өндірісі ұлғайған еді.
Биылғы тоғыз айда отандық фармацевтика 160,4 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 40% артық.
Жыл басында отандық өндірушілердің нарықтағы үлесі 16% болса, қазіргі таңда көрсеткіш 19,2%-ға жетті.