Биылғы жылдың шілде айында кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3% қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуін Түркістан облысында байқалды 50,1%. Сондай-ақ Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.
Былтырдан бері ең аз қымбаттау Жамбыл облысында тіркелді: 1,2%.
Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері 14,1%, шарикті қалам 13,2%, түрлі-түсті қалам жинағы 12,1%, дәптер 12%, А4 қағазы 10,6% қымбаттады.
Жалпы биылғы жылдың шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері былтырдан беір 7,1%а, орта білім – 6,8%, кәсіптік орта білім – 11,7%, жоғары білім – 17,7%, ересектерге білім беру – 10,7% қымбаттады.
Өңірлер бойынша білім беру қызметтері бағасының ең көп өсуі Атырау (50%), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалды.