ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің конференциясында қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.
Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады.
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
"Қазақстан квотасы қарашада тәулігіне 1,540 млн баррель болып бекітілгег. Енді ол 16 млн баррельге көбейіп, Қазақстан желтоқсанда өндірісті 1,566 млн баррельге дейін жеткізе алады", деп хабарлайды министрлік.