Оңтүстік өңірлерде экономика қарқынды өсіп келеді

2026 жылғы қаңтар-тамызда 2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,9% болды.

Экономикасы ең қарқынды өскен өңірлер Түркістан облысы (21,9%), Шымкент қаласы (17,6%) және Алматы облысы (15%).

Сонымен қатар Жамбыл облысы (13,5%), Ұлытау облысы (13,2%), Қызылорда облысы (10,4%), Павлодар облысы (10,3%) да жақсы өсім көрсетті.

Ал Батыс Қазақстан (-6,1%), Атырау (-5%), Шығыс Қазақстан (-2,6%) және Ақмола (-0,6%) облыстарында экономика кері кеткен.

Қалған өңірлерде өсім болғанымнн былтырғымен салыстырғанда бәсеңдеген.