Қазақстан жеке тұлғаларға онлайн микронесие беру бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк басқармасының қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасында айтылған. Құжатты Open NLA порталында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады. Ол 4 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі басылым тілшісіне түсіндіргендей, бұл жеке тұлғаларға 50 АЕК (153 150 теңге) дейін және 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін онлайн несиелерге қатысты.
«Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін», - делінген қаулы жобасында.
Құжаттың негіздемесі жаңа ереженің қарыз алушылардың қарыздық жүктемесін шектеу үшін енгізіліп жатқанын көрсетеді.
Жарлық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде.