Жыл басынан бергі төрт айда республика бойынша 3 млн шаршы метрден артық үй салынды. Бұл өткен жылғы төрт айдағыдан 10.1% аз.
Үй құрылысы ең қатты азайған өңірлер Шымкент (-84.9%), Атырау облысы (-45.4%), Түркістан облысы (-36.8%), Батыс Қазақстан облысы (-24.7%), Қызылорда облысы (-22.3%), Маңғыстау облысы (-18.8 %) және Ақмола облысы (-3%).
Ал құрылыс қарқын алған өңірлер Алматы облысы (+20%), Жамбыл облысы (+12%) облысы, ШҚО (+5.1%). Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тиісінше 3% және 2.6% өсім бар.
Салынған үйлердің 10 923-і жер үй болса, 223 көппәтерлі.
Үйдің өзіндік құны 1 шаршы метрге көппәтерлі үйде 113.2 мың теңге, ал жер үйге 92.5 мың теңге.
Салаға салынған инвестиция жылдың алғашқы төрт айында 381.9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17.5% артық.
Салынған үйлер саны бойынша көш басындағы өңірлер Нұр-Сұлтан қаласы 6 140, Маңғыстау облысы 2 615 және Алматы қаласы 2 322. Ең аз Шымкент (138), СҚО (214) және Павлодар облысы (326).