2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% артты. Биылғы жылдың тоғыз айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы сомасы 36 003,3 млрд теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы уақытта көрсеткіш 4,4% болған.
Өнеркәсіп өндірісіндегі өсім:
- тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу + 1,2%;
- өңдеу өнеркәсібі + 4,8%;
- электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау + 5,5%.
Өндіріс көлемінің артуы республиканың 13 өңірінде тіркелді.