2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы шілдеде 3,0%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,7%-ға төмендеу) айтарлықтай қалпына келуді көрсете отырып, 37,2 трлн теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы 2022 жылғы шілдеде жаңа облигацияларды шығару нәтижесінде 1,1%-ға немесе 168,6 млрд теңгеге 15,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, алғаш рет 2022 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш мәнінен асып түсті (жыл басынан бері 0,2 %-ға өсу). Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы ішінде ақша-кредит талаптарының қатаюы аясында қорландыру құнының айтарлықтай қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде осы нарықта теріс динамика байқалғанын атап өткен жөн.
2022 жылғы 1 тамызда KASE сауда-саттық тізімдерінде 82 эмитенттің 328 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды. 2022 жылғы шілдеде KASE ресми тізіміне 2 эмитенттің («Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) облигацияларының 8 шығарылымы енгізілді.
2022 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 238 млрд теңгеге дейін 11,3%-ға немесе 24,2 млрд теңгеге өсті.