KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы мамыр айында 0,4%-ға немесе 6,1 млн теңгеге төмендеп, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 14,9 трлн теңгені құрады.
2022 жылғы 1 маусымға KASE сауда-саттық тізімінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 325 шығарылымы болды.
KASE-де корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі сәуірге қатысты 29,9%-ға немесе 54,5 млрд теңгеге, 128,0 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің үлесі 0,1%-дан төмен, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі - 2,4%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі - 13,8%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 82,6%-ды, жеке тұлғалардың үлесі - 1,2%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 23,7%-ды құрады.