2021 жылғы 28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған доллар өткізу кезінде елорда тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында қылмыс жасаушы бірнеше рет номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды.
Сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды, олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.
Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде, дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.
Жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, бірақ мұндай банкнотты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.