2019 жылы еліміздің экономикасына 12576,8 млрд.теңге қаражат жұмсалды, бұл 2018 жылғы деңгейден 8,8%-ға жоғары, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
2019 жылы ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар 6267,8 млрд.теңге бағытталған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға жоғары.
Инвестициялау үшін басым салалар тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (44,1%), өндеу өнеркәсібі (8,1%), көлік және қоймалау (9,7%) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (13%) болып табылады.