Нұр-Сұлтан мен Маңғыстауда кедейлер саны көбейіп кетті

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы II тоқсанда 4,8%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа төмен, деп хабарлайды Статбюро. 2021 жылғы II тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,5%), Ақмола (6,6%) облыстарында және Шымкент (5,6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,9%) тіркелді. 16092021-1k Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы II тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,6, азық-түлік емес тауарларға – 8,6, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,8 есені құрады. 16092021-2k